ХХІ ғасырда өлім жазасына орын жоқ - БҰҰ бас хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ХХІ ғасырда өлім жазасына орын жоқ - БҰҰ бас хатшысы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. © РИА Новости

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлемнің 65 елінде терроризммен байланысты қылмыстарға шара ретінде қолданылып келе жатқан өлім жазасына қарсы шықты. Мұндай мәлімдемені ол Дүниежүзілік Өлім жазасына қарсы күнге орай жасап, бұл мәлімдеме ұйымның сайтында жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлемнің 65 елінде терроризммен байланысты қылмыстарға шара ретінде қолданылып келе жатқан өлім жазасына қарсы шықты. Мұндай мәлімдемені ол Дүниежүзілік Өлім жазасына қарсы күнге орай жасап, бұл мәлімдеме ұйымның сайтында жарияланды. 

Бас хатшының айтуынша, терроризм үшін өлім жазасына көп жағдайда әскери немесе арнайы соттарда әділетсіз әрі асығыс жасалған шешімдерден кесіледі. "ХХІ ғасырда өлім жазасына орын жоқ. Терроризммен күрес бойынша тиімді шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық әрекеттер секілді адам құқығы мен заңның үстемдігінің негізінде болуы керек", - делінген Пан Ги Мунның мәлімдемесінде. 

Пан Ги Мун сотталған лаңкестердің өлім жазасын олардың ізбасарлары үгіт ретінде қолданады. Ол терроризммен өлім жазасы арқылы күресу керек деп есептейтін адамдардың пікірімен келіспейтінін айтқан БҰҰ бас хатшысы қай жерде болса да, қандай жағдай болса да өлім жазасын алып тастау бойынша жұмыстарды жалғастыруға шақырды. 

Lenta.ru басылымының мәліметінше, 2015 жылы кем дегенде 1634 адамға өлім жазасы берілген. Бұл соңғы 27 жылдағы өлім жазасы қолданылған ең көп жағдай екен. Ең ауыр жазаның 89 пайызы Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы елдерінің үлесінде. Алайда бұл статистикаға Қытай кірмеген. Amnesty International мәліметінше, бұл елде бірнеше мың адам жазаланған, бірақ ел билігі нақты мәліметтерді жасырып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети