Ядролық қару қолдануды кез келген әдіспен тоқтату керек - Пентагон басшысы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ядролық қару қолдануды кез келген әдіспен тоқтату керек - Пентагон басшысы Фото ©REUTERS

Пентагон басшысы Ллойд Остин ядролық қару қолдануды кез келген жолмен тоқтату керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Air Force Magazine басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пентагон басшысы Ллойд Остин ядролық қару қолдануды кез келген жолмен тоқтату керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Air Force Magazine басылымына сілтеме жасап.

АҚШ қорғаныс министрлігінің басшысы бұл туралы америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Ол ядролық қаруды қолдану туралы мәлімдемелердің өзі қауіпті екенін айтты.

"Менің ойымша, біз ядролық қару қолдануды кез келген жолмен болдырмауымыз керек. Оның арты қиын жағдайға алып келетінін ұмытпайық. Біз мұны көргіміз келмейді", - деді Пентагон басшысы.

Остин сондай-ақ Украина жерінде ұшуға тыйым салынған аймақтың енгізілуі АҚШ пен Ресей арасында әскери қақтығыс тудыруы мүмкін екенін айтты.

"АҚШ президенті Джо Байден америкалық әскерилер Украинада Ресеймен соғыспайтынын айтты. Бірақ ұшуға тыйым салынған аймақты қамтамасыз ету ресейлік ұшақтармен қақтығысқа түсу қажеттілігін тудыратыны сөзсіз. Бұл АҚШ-пен Ресей арасында қақтығыс тудыруы мүмкін", - деді Остин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети