"Яндекс.Еда" қолданушылардың жеке дерегі тарап кеткені үшін жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Яндекс.Еда" қолданушылардың жеке дерегі тарап кеткені үшін жазаланды Фото ©РИА Новости

Мәскеудегі Замоскворечье ауданының соты қолданушылардың жеке деректерін жария еткені үшін "Яндекс.Еда" компаниясына 60 мың рубль көлемінде айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Яндекс.Еда" компаниясына 60 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - деді ақпарат көзі.

Бұл ақпаратты басылымға Мәскеудің Замоскворецкий сотының баспасөз қызметі растады.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, сот тағайындаған 60 мың рубль айыппұл (шамамен 320 мың теңге) - ең төменгі жаза. "Дербес деректер саласындағы заңнаманы бұзу" бабы бойынша ең жоғары айыппұл - 100 мың рубльді (шамамен 535 мың теңге) құрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети