Янукович 25 мамырда өтетін президенттік сайлауға қатыспайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Виктор Янукович Дондағы Ростовта өткен баспасөз мәслихатында 2014 жылдың 25 мамырында болатын президенттік сайлауға қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Ол Жоғарғы Рада белгілеген бұл сайлауды заңсыз деп мәлімдеп отыр. "25 мамырдағы сайлауға қатысты пікірім мынандай. Мен бұл сайлауды заңсыз деп санаймын және ол шараға қатыспаймын", - деді ол. Януковичтің сөзіне сүйенсек, "барлық сайлау Украинаның Конституциясы мен заңдарының аясында өткізілуге тиіс". Сондай-ақ ол Украинаға өзінің және отбасының қауіпсіздігіне кепілдік болса ғана оралатынын айтты. "Мен Украинаға өзімнің және отбасымның барлық қауіпсіздігі толығымен қорғалатын жағдайда ғана барамын", - дейді. Янукович сонымен қатар, ешкімнен де әскери көмек сұрамайтынын тілге тиек етті. Ол осы баспасөз мәслихатында: "Мұндай жағдайда кез-келген әскери әрекет жеткіліксіз. Мен әскери көмекке жүгінуді жоспарлап отырған жоқпын", - деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпан күні Жоғарғы Рада Януковичті президенттіктен кетіріп, 25 мамырда президенттік сайлау өткізуді белгіледі. Бірақ, дәл осы күні Киев мэрінің де сайлауы өтуге тиіс болатын. Қазір мемлекет басшысының қызметін уақытша спикер Александр Турчинов атқаруда. Ал, Янукович болса, әлі де өзінің Украинаның заңды басшысы екенін мәлімдеді.

Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro