Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Янукович 25 мамырда өтетін президенттік сайлауға қатыспайды

28 Ақпан 2014, 21:20
0
Виктор Янукович Дондағы Ростовта өткен баспасөз мәслихатында 2014 жылдың 25 мамырында болатын президенттік сайлауға қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Ол Жоғарғы Рада белгілеген бұл сайлауды заңсыз деп мәлімдеп отыр.

"25 мамырдағы сайлауға қатысты пікірім мынандай. Мен бұл сайлауды заңсыз деп санаймын және ол шараға қатыспаймын", - деді ол. Януковичтің сөзіне сүйенсек, "барлық сайлау Украинаның Конституциясы мен заңдарының аясында өткізілуге тиіс".

Сондай-ақ ол Украинаға өзінің және отбасының қауіпсіздігіне кепілдік болса ғана оралатынын айтты. "Мен Украинаға өзімнің және отбасымның барлық қауіпсіздігі толығымен қорғалатын жағдайда ғана барамын", - дейді. Янукович сонымен қатар, ешкімнен де әскери көмек сұрамайтынын тілге тиек етті. Ол осы баспасөз мәслихатында: "Мұндай жағдайда кез-келген әскери әрекет жеткіліксіз. Мен әскери көмекке жүгінуді жоспарлап отырған жоқпын", - деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпан күні Жоғарғы Рада Януковичті президенттіктен кетіріп, 25 мамырда президенттік сайлау өткізуді белгіледі. Бірақ, дәл осы күні Киев мэрінің де сайлауы өтуге тиіс болатын. Қазір мемлекет басшысының қызметін уақытша спикер Александр Турчинов атқаруда. Ал, Янукович болса, әлі де өзінің Украинаның заңды басшысы екенін мәлімдеді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай