25 ақпан 2014 | 20:25

Янукович әкімшілігінің басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Клюев. ©REUTERS Андрей Клюев. ©REUTERS

Украина президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Клюев қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. Ол өзінің арызын қызметінен босатылған Виктор Януковичке бергенін айтты. Виктор Янукович пен Андрей Клюев 23 ақпанда кездескен болатын. Клюев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазғанын, оны өз қолымен Януковичке тапсыру үшін онымен Қырымда кездескенін айтты, - деп жазды Украина баспасөзі. Клюевтің айтуынша, ол елдегі қақтығыстарды реттеу жұмысына қатыспаған, тіпті күш қолдану сценарийі туралы да хабарсыз болған. Естеріңізге сала кетейік, Виктор Януковичке 24 ақпаннан бастап іздеу салынған еді. Украина ІІД жедел уәкілі Арсен Аваков азаматтарды жаппай өлтіруге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын. В.Януковичтің қайда екені әлі де белгісіз. Оның 22 ақпан күні Киевтегі "Межигорье" резиденциясынан тікұшақ арқылы ұшып кеткені бейнебақылауға түсіп қалғаны белгілі. Одан кейін ол Харьковқа барып Украина журналистеріне берген сұхбатында өзінің заңды сайланған президент екенін, елден кететінін айтқан болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети