Биліктен аластатылған Украинаның экс президенті Виктор Янукович Ростовта кезекті баспасөз мәслихатын өткізуі мүмкін деп жазады Украинаның Вести басылымы.
Биліктен аластатылған Украинаның экс президенті Виктор Янукович Ростовта кезекті баспасөз мәслихатын өткізуі мүмкін деп жазады Украинаның Вести басылымы.
Әзірге баспасөз мәслихатының нақты уақыты белгіленген жоқ, сондай-ақ Януковичтің баспасөз мәслихатында не айтатыны да беймәлім.
Айта кету керек, Янукович бұған дейін Ростовта мұндай жиынды екі мәрте өткізді. Бұқара алдында бірінші мәрте жиынды 28 ақпан күні өткізген ол: сол сәтте БАҚ өкілдеріне өзін әлі де Украинаның заңды президенті деп санайтынын айтқан болатын.
Сондай-ақ ол 11 наурыз күні Конгерсс пен АҚШ-тың Жоғары сотынан Украинада болып жатқан жайтқа өзіндік баға берулерін сұрауға мәжбүр екенін де жеткізген еді.
Еске салайық, 22 ақпан күні Жоғарғы Рада Януковичті президентіктен босатып, президент сайлауын 25 мамырға белгіледі.