Виктор Янукович. ©РИА Новости
Украина президенті қызметінен аластатылған Виктор Янукович өзін бұрынғысынша мемлекеттің заңды басшысы санайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Янукович үндеу жолдап, Ресей басшыларынан өзін Украинадағы билікті тартып алған экстремистерден қорғауды сұрады. "Өзімді бұрынғысынша украин мемлекетінің азаматтардың еркін түрде қалау білдіруі негізінде сайланған заңды басшысы санаймын", - деді ол. Янукович сонымен бірге қазір Жоғарғы Радада болып жатқан жағдайлардың заңды сипаты жоқ екенін айтты. Еске салайық, Виктор Янукович 22 ақпан күні Украина президенті қызметінен қуылған еді. Жоғарғы Рада президент сайлауын 25 мамырға белгіледі. Оған дейін мемлекет басшысы қызметін спикер Александр Турчинов атқарады. Украина Ішкі істер министрінің өкілдері Януковичке іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Януковичтің Ресейдегі Барвиха елді мекенінде орналасқан Ресей президенті іс басқармасының шипажайына орналасқаны туралы да ақпарат тарады. Ал бұл кезде Украинаға қарасты Қырым түбегінде елдің жаңа билігін мойындамайтындардың ереуілі өтіп жатыр. Симферопольде Жоғарғы Кеңес пен Министрлер кеңесі ғимаратын орыстілді азаматтар басып алған. Наразылық шарасы кезінде 35 адам зардап шеккен.
Украина президенті қызметінен аластатылған Виктор Янукович өзін бұрынғысынша мемлекеттің заңды басшысы санайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
Янукович үндеу жолдап, Ресей басшыларынан өзін Украинадағы билікті тартып алған экстремистерден қорғауды сұрады. "Өзімді бұрынғысынша украин мемлекетінің азаматтардың еркін түрде қалау білдіруі негізінде сайланған заңды басшысы санаймын", - деді ол.
Янукович сонымен бірге қазір Жоғарғы Радада болып жатқан жағдайлардың заңды сипаты жоқ екенін айтты. Еске салайық, Виктор Янукович 22 ақпан күні Украина президенті қызметінен қуылған еді. Жоғарғы Рада президент сайлауын 25 мамырға белгіледі. Оған дейін мемлекет басшысы қызметін спикер Александр Турчинов атқарады. Украина Ішкі істер министрінің өкілдері Януковичке іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Януковичтің Ресейдегі Барвиха елді мекенінде орналасқан Ресей президенті іс басқармасының шипажайына орналасқаны туралы да ақпарат тарады.
Ал бұл кезде Украинаға қарасты Қырым түбегінде елдің жаңа билігін мойындамайтындардың ереуілі өтіп жатыр. Симферопольде Жоғарғы Кеңес пен Министрлер кеңесі ғимаратын орыстілді азаматтар басып алған. Наразылық шарасы кезінде 35 адам зардап шеккен.