30 желтоқсан 2020 18:41

Йемен әуежайындағы жарылыстан 10 адам қаза тапты - БАҚ

Оңтүстік Йеменде Адендегі әуежайда болған жарылыстан қаза тапқандар саны онға жетті, 20-дан аса адам жарақат алды, - деп хабарлады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Йеменде Адендегі әуежайда болған жарылыстан қаза тапқандар саны онға жетті, 20-дан аса адам жарақат алды, - деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін бес адам қаза болғаны хабарланған. Кейін құрбандар саны 10-ға жеткен.  

Реклама
Реклама

Жаңа үкімет мүшелері ұшып келген кезде әуежайда бірнеше қатты жарылыс болған.

Дереккөздің агенттікке айтуынша, министрлер зардап шеккен жоқ, өйткені төтенше жағдай кезінде олар ұшақта болған. Кейін олар үкімет сарайына жеткізілген. Әуежай ғимараты мен оның айналасындағы аймақтарды қауіпсіздік күштері қоршауға алды.

Дереккөз мәліметінше, Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында "Ансар Алла" (хуситтер) бүлікшілері бақылауындағы аймақтардан зымыран ұшқан, жарылысқа сол себеп болды деген ақпарат бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram