30 желтоқсан 2020 17:53

Йемен әуежайында министрлер ұшып келген кезде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайына Сауд Арабиясынан үкіметтік делегация ұшып келген кезде қатты жарылыс болды. Салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости. Жарылыс туралы басылымға провинциядағы жергілікті дереккөз айтқан.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, бірақ министрлер бұл кезде ұшақта болған, олар жарақат алған жоқ", - деді дереккөз.

Оның айтуынша, барлық министр Адендегі үкімет сарайына жеткізілген.

Желтоқсанда Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындаған болатын. Оның құрамына Йемен оңтүстігінің бөлінуін жақтайтын Оңтүстік Йемен өтпелі кеңесінің бес өкілі кірген.

30 желтоқсанда Эр-Риядтан Аденге жаңа үкімет барған. Аден қазір Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған уақытша астанасы саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети