31 желтоқсан 2020 09:26

Йемен әуежайындағы жарылыс: қаза болғандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайындағы жарылыс кезінде қаза болғандар саны 25-ке жетті. Тағы 110 адам жарақаттанған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Касем Бухейбух айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Оңтүстік Йемендегі Аден әуежайындағы жарылыс кезінде қаза болғандар саны 25-ке жетті. Тағы 110 адам жарақаттанған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Касем Бухейбух айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Аден әуежайындағы жарылыс кезінде қайтыс болғандар саны 25-ке жетті, 110 адам жарақаттанды", - деді министр. 

Бұған дейін Аден провинциясындағы дереккөз РИА Новости-ге әуежайдағы жарылыс кезінде жарақат алғандар ішінде Йеменнің байланыс министрі Насыр Шариф, Аден губернаторының өкілі Гасан аз-Замики және әл-Мансұр жергілікті түрмесінің директоры Наджи әл-Махри барын айтқан. 

Еске салайық, кеше, 30 желтоқсанда Йемен әуежайында министрлер ұшып келген кезде жарылыс болған еді. Дереккөздің айтуынша, барлық министр Адендегі үкімет сарайына жеткізілген. 

Желтоқсанда Йемен президенті Абду Раббу Мансур Хади 24 министрден тұратын жаңа үкімет тағайындаған болатын. Оның құрамына Йемен оңтүстігінің бөлінуін жақтайтын Оңтүстік Йемен өтпелі кеңесінің бес өкілі кірген. 30 желтоқсанда Эр-Риядтан Аденге жаңа үкімет барған. Аден қазір Йеменнің халықаралық деңгейде мойындалған уақытша астанасы саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети