Йемен әуежайының маңында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Йемен әуежайының маңында жарылыс болды Видеодан алынған кадр

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден халықаралық әуежайының маңында миналанған көлік жарылды. Қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден халықаралық әуежайының маңында миналанған көлік жарылды. Қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta сайтына сілтеме жасап. 

Қаланың шығысындағы Хормаскар әкімшілігіндегі әуежайға кіреберісте төтенше жағдай болды.

Оқиға салдарынан әуежай қонақүйінің маңындғы бақылау-өткізу пункті қирады.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерінде жарылыстан бірнеше минут өткен соң түсірілген видеоларды жүктеп жатыр. 

Жарылыстан нақты қанша адам қаза тапқаны әлі белгісіз, оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменттері жіберілді. Қазір жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 10 адам мерт болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети