Фото alarabiya.net сайтынан алынды
Йеменде күшіктің кесірінен ұшақ апатқа ұшырай жаздады. Белгісіз жағдайда ұшып-қону алаңына жүгіріп шыққан күшікке бола йемендік әуекомпанияның ұшағы жерге дер кезінде қона алмады, деп хабарлайды Al Arabiya. Оқиға Йеменнің Таиз қаласы әуежайында болған. Ұшақ Жидда (Сауд Арабия) - Таиз бағыты бойынша ұшып келе жатып, Таиз әуежайына қонуға беттегенде ұшқыш ұшып-қону алаңында жүрген күшікті бірден байқап қалып, ұшақты басқа әуежайға қондыруға шешім қабылдаған. Ал ұшақ жоғарыға қайта көтерілгенде теңселіп барып түзелген. Құдай сақтап ішінде 130 жолаушысы бар ұшақ бағытын Аден қаласына бұрып, сонда аман-есен қонған. Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, жолаушылар ұшақ бағытының өзгергеніне наразылық білдіріп, ұшақтан түспейтіндерін, ұшқыштан Таиз қаласына қайта ұшып баруын талап еткен екен. Алайда жолаушылар талабы орындалмады.
Йеменде күшіктің кесірінен ұшақ апатқа ұшырай жаздады. Белгісіз жағдайда ұшып-қону алаңына жүгіріп шыққан күшікке бола йемендік әуекомпанияның ұшағы жерге дер кезінде қона алмады, деп хабарлайды Al Arabiya.
Оқиға Йеменнің Таиз қаласы әуежайында болған. Ұшақ Жидда (Сауд Арабия) - Таиз бағыты бойынша ұшып келе жатып, Таиз әуежайына қонуға беттегенде ұшқыш ұшып-қону алаңында жүрген күшікті бірден байқап қалып, ұшақты басқа әуежайға қондыруға шешім қабылдаған. Ал ұшақ жоғарыға қайта көтерілгенде теңселіп барып түзелген. Құдай сақтап ішінде 130 жолаушысы бар ұшақ бағытын Аден қаласына бұрып, сонда аман-есен қонған.
Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге қарағанда, жолаушылар ұшақ бағытының өзгергеніне наразылық білдіріп, ұшақтан түспейтіндерін, ұшқыштан Таиз қаласына қайта ұшып баруын талап еткен екен. Алайда жолаушылар талабы орындалмады.