Ыстамбұл әуежайының ұшақтар тұратын алаңындағы жарылыс теракт болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Ыстамбұл әуежайының ұшақтар тұратын алаңындағы жарылыс теракт болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, қазір әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мамандар ұшақтарды тексеріп жатыр. Болжам бойынша, жарылыс тұрақтағы ұшақтардың бірінде болған. Дегенмен жергілікті билік бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ.
Еске сала кетейік, жарылыс сәрсенбіге қараған түні болған еді. Жарылыс салдарынан әуежайдың екі қызметкері жарақаттанды. Кейін олардың бірі қайтыс болды.