Азия мен Еуропаның тоғысқан нүктесі - Ыстамбұлдың аса маңызды нысаны саналатын Галатапорт Ыстамбұлдың арқасында қала круиздік туризмнің орталығы аталады. Қаракөй ауданында қалпына келтірілген тарихи мекен Ыстамбұлдың қарқынды дамып келе жатқан круиздік туризміне әлемнің назарын аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Азия мен Еуропаның тоғысқан нүктесі - Ыстамбұлдың аса маңызды нысаны саналатын Галатапорт Ыстамбұлдың арқасында қала круиздік туризмнің орталығы аталады. Қаракөй ауданында қалпына келтірілген тарихи мекен Ыстамбұлдың қарқынды дамып келе жатқан круиздік туризміне әлемнің назарын аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жағалауының ұзындығы сегіз мың шақырымнан асатын Түркия Жерорта теңізі бассейніндегі өте әдемі туристік аялдамалар мен сүйікті порттардың мекеніне айналған. Түркияның негізгі круиздік туристік хабтарының бірі ретінде Ыстамбұл және оның негізгі порты Галатапорт Ыстамбұл гастрономиядан – саудаға, өнер мен мәдениетке дейін тарихқа және т.б. ерекше және әртүрлі қызыққа құмар саяхатшыларға ерекше тартымды.
Былтыр Галатапорт Ыстамбұл 150-ге жуық кеме мен 350 мың жолаушы мен экипаж мүшелерін қабылдады. Ол барлық талғамға ұнайтын саналуан бағдарлама ұсынады. Круиздік туризмнің артқанын көрсететін Ыстамбұл - көптеген круиздік желілер мен әртүрлі ауқымдағы кемелер тұрақтайтын мекен.
Галатапорт Ыстамбұл Жерорта теңізі ойпатынан Қара теңізге дейінгі кең аймақтағы круиздік туризмге үлкен серпін беріп, елдің туризмі мен экономикасына елеулі үлес қосты. 2014 жылы порт аумағы басып алынған кезде порттың негізгі қызметі 15 пайызы болса, Галатапорт Ыстамбұлды өз порты ретінде пайдаланатын кемелердің үлесі қазір 50 пайызға дейін өсті және бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға күш салынуда.
Ыстамбұлдың ежелгі цистерналарынан алғашқысы – жерасты круиздік терминал.
Галатапорт Стамбулда 29 000 шаршы метр жерасты круиздік терминалы бар, бұл круиздік саяхатшыларға ыңғайлы және қиындықсыз саяхатты қамтамасыз етеді. "Red Dot Design Award" сыйлығын жеңіп алған жерасты круиздік терминалы заманауилық пен мәдени мұра қатар жүретін дизайнымен таңғалдырады. Интерьерде Рим және Византия империяларынан бастау алған Ыстамбұлдың ескі цистерналарының тарихи сәулеті мен сипаты ерекше.
Босфордың қақ ортасында ерекше мекен
Круиздік кемелердің барлық түрлеріне арналған Галатапорт Ыстамбұл осы аймақтың тарихи және мәдени құрылымымен ерекшеленетін Қаракөйде орналасқан. Жағалауда түрік және халықаралық, ұлттық тағамдар дайындайтын мейрамханалары, өнер орталықтары, жабық және ашық көрмелер бар. Жергілікті брендтермен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін түрлі шаралар, жолаушылар мен экипажға арналған бағдарламалар круиз қонақтары үшін өте маңызды.
Galataport Ыстамбұл адам аяғы арылмайтын Қаракөй аймағында, Тарихи түбекке жаяу қашықтықта орналасқан, Ұлы Айя София мешіті, Сұлтан Ахмет мешіті, Топкапы сарайы және Базилика цистернасы сияқты көрнекті ғимараттар көп. Үлкен базар, дәмдеуіштер базары, Галата мұнарасы, Таксим және Долмабахче де портқа жақын.
Galataport Ыстамбұл кешенінде Бейнелеу өнері университетінің Ыстамбұл кескіндеме және мүсін мұражайы да орналасқан. 19 ғасырда Сұлтан Абдүлмеджид салған және Galataport Стамбұл жобасының бір бөлігі ретінде қалпына келтірілген Топхане сағат мұнарасының орны бөлек. 14 000 шаршы метрге созылатын Сағат мұнарасы алаңында жыл бойы түрлі сахналық қойылымдар, арнайы ашық көрмелер, мәдени іс-шаралар және Бейоглу мәдени маршрут фестивалі сияқты халықаралық фестивальдар өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!