18 шілде 2016 | 08:03

Ыстамбұлда қауіпсіздіктің төтенше шаралары қабылданды: тікұшақтарды ескертусіз атып түсіруге бұйрық берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ыстамбұлдың қауіпсіздік қызметінің басшысы тікұшақтарды ескертусіз атып түсіруге бұйрық берді, қалаға 1,8 мың полиция арнайы қызмет сарбазы келіп жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ыстамбұлдың қауіпсіздік қызметінің басшысы тікұшақтарды ескертусіз атып түсіруге бұйрық берді, қалаға 1,8 мың полиция арнайы қызмет сарбазы келіп жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

Арнайы қызмет сарбаздары Ыстамбұлға көршілес провинциялардан келген және қаланың стратегиялық маңызы бар нысандары мен көшелеріне тұрғызылды. Қалаға арнайы техника да жеткізілген. Ыстамбұлда қауіпсіздіктің төтенше шаралары қабылданды. Агенттіктің полициядағы дереккөзінің мәліметінше, Ыстамбұлдың қауіпсіздік қызметінің басшысы рұқсатсыз ұшқан тікұшақтарды ескертусіз атып түсіруге бұйрық берген. 

Сонымен қатар, түрік президенті Тайип Ердоғанның ұшағының Ыстамбұл әуежайынан Анкараға қарай ұшып кеткені хабарланып отыр.

Еске салайық, Түркия билігі 15 шілдеде әскери төңкеріс әрекеті жайлы мәлімдеді. Әскерилер өз тарапынан биліктің өз қолына өткенін хабарлады. 16 шілдеде таңғы уақытта бүлікші әскерилер беріле бастады. Түркия билігі бүлік әрекетінің іске аспағанын хабарлады. 

Түріктің құқыққорғаушыары үш мыңға жуық адамды қамауға алды, олардың ішінде жоғары шенді әскерилер бар. Мемлекеттік төңкеріс әрекетінің салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 265 адам қаза тапқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети