Ыстамбұлда түнгі клубқа шабуыл жасады деген күдікпен Қырғызстан азаматы Яхья Машрапов ұсталды. Алайда қырғызстандық азамат болған терактіге ешқандай да қатысы жоқ екенін айтып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде оның паспортының суреті пайда болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, Машрапов 31 желтоқсанда Қырғызстанда болғанын және сәйкесінше оның терактіге қатысы жоқ екенін айтып өтті. Машраповтың айтуынша, ол паспортының суреті Интернетте қалай пайда болғанын да білмейді.
Еске салайық, Ыстамбұлдағы Reina клубына шабуыл Жаңа жыл түні жасалған болатын. Санта Клаус болып киінген лаңкес автоматпен полицейді атады да, 700-дей адам болған мекемеге кіріп, ата бастайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 39 адам қаза тапты және 69 адам зардап шекті. Ал шабуылдаған адам әлі табылмаған. Ол іздестіріліп жатыр.