Ыстамбұлда түнгі клуб қонақтарын ату сәті көрсетілген видео пайда болды

02 Қаңтар 2017, 09:24
0
Ыстамбұлда түнгі клуб қонақтарын ату сәті көрсетілген видео пайда болды - Видеоның кадры
Видеоның кадры

Желіде Ыстамбұлдағы Reina клубына жасалған шабуылдың тағы бір видеосы пайда болды. Видеобақылау камерасына түсірілген видеоның кадрларынан қарулы ер адамның клубқа басып кіріп, шошып қалған адамдарды ата бастағанын көруге болады. 

Бастапқыда Желіде шабуылдың басталған кезі түсірілген видео пайда болған. Кадрлардан ер адамның автомат асынып, ғимаратқа жүгіріп барғаны, кейін кіреберісте тұрған адамдарды ата бастағаны көрінеді.

Еске салайық, Ыстамбұлдағы Reina клубына шабуыл Жаңа жыл түні жасалған болатын. Санта Клаус болып киінген лаңкес автоматпен полицейді атады да, 700-дей адам болған мекемеге кіріп, ата бастайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 39 адам қаза тапты және 69 адам зардап шекті. Ал шабуылдаған адам әлі табылмаған. Ол іздестіріліп жатыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай