1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ыстамбұлдағы түнгі клубта 32 адамды атып өлтірді делінген күдікті ұсталды17 қаңтар 2017, 09:13

Ыстамбұл полициясы Жаңа жыл түні Reina түнгі клубының қонақтарын атып тастады делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Басылымның мәліметінше, Өзбекстан тумасы Абдулгадир Машарипов арнайы операция кезінде Эсенюрт ауданында ұсталған. Ол осыған дейін танысының пәтерінде жасырынып келіпті. Танысы Қырғызстан тумасы екен. Газет Машариповтың ұсталған кезде түсірілген суретін жариялады, суреттен оның жараланғанын көруге болады.


© dailysabah.com

Еске салайық, Ыстамбұлда 1 қаңтарға қараған түні Reina түнгі клубына шабуыл жасалған болатын. Күдікті мекемеге кіріп келіп, адамдарды ата бастаған. Салдарынан 39 адам қаза тапты. Теракт жасады делінген күдікті жасырынып үлгерген.

Түрік полициясы Машариповты іздестіру барысында Ыстамбұлда 150 мың доллар қаражат тапқан. Бұл қаражат, тергеудің мәліметінше, теракт жасағаны үшін төлем болуы мүмкін.