Ыстамбұлда жаңа жыл түні клуб қонақтарына шабуыл жасаған адамды ұстауға арналған арнайы операция өтті. Алайда күдікті әлі ұсталмады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ыстамбұлда жаңа жыл түні клуб қонақтарына шабуыл жасаған адамды ұстауға арналған арнайы операция өтті. Алайда күдікті әлі ұсталмады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Полицейлер үйлерді тінтіген. Сонымен қатар, арнайы операцияға тікұшақ та жұмылған.
Қазіргі уақытта полицейлер жергілікті БАҚ өкілдерінің лаңкестің Өзбекстан немесе Қырғызстан азаматы екені жайлы мәліметтеріне сүйеніп, лаңкестің аты-жөнін анықтап жатыр.
Еске салайық, Ыстамбұлдағы Reina клубына шабуыл Жаңа жыл түні жасалған болатын. Санта Клаус болып киінген лаңкес автоматпен полицейді атады да, 700-дей адам болған мекемеге кіріп, ата бастайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 39 адам қаза тапты және 69 адам зардап шекті. Ал шабуылдаған адам әлі табылмаған. Ол іздестіріліп жатыр.