14 қараша 2022 08:36

Ыстамбұлдағы жарылыс: күдікті қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда жарылғыш заты бар пакетті қаланың туристік орталығында, Истикляль көшесінде қалдырған әйелді полиция ұстады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұсталған әйелдің күрд террористік ұйымдарына қатысы бары анықталған.

Айта кетейік, бұған дейін Түрік бұқаралық ақпарат құралы Ыстамбұлдағы жарылысқа кінәлі болуы мүмкін әйелдің суретін жариялаған болатын. Басылым суреттегі әйелдің Ыстамбұлдағы жарылысқа қатысы болуы мүмкін екенін жазған.

Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Сағат 16.20-да болған жарылыстан кейін ауданға бірнеше жедел жәрдем қызметі және өртсөндірушілер келген.

Аудан қоршауға алынды. Азаматтарға ауданға кіруге тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети