БАҚ-та Ыстамбұлда бомба жарды деген күдікпен ұсталған әйелдің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Milliyet түрік басылымына сілтеме жасап.
БАҚ-та Ыстамбұлда бомба жарды деген күдікпен ұсталған әйелдің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Milliyet түрік басылымына сілтеме жасап.
Терроризмге қарсы бөлім бригадалары шабуылға кінәлі деп танылған әйелді ұстады. Күдікті ұсталған сәттің кадрлары пайда болды.
Beyoğlu patlamasında bombayı bırakan kişi İstanbul Emniyet Müdürlüğü ekiplerince gözaltına alındı https://t.co/Wne5e8HxPQ
— ANADOLU AJANSI (@anadoluajansi) November 14, 2022
Айта кететін жайт, бұған дейін түрік полициясы 22 күдіктіні ұстаған болатын, оның ішінде бомба қойған әйел де бар. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.
"Біз шабуыл туралы нұсқау Кобаниден келген деп бағаладық. Оқиғаға себепкер адам бомбаны қойып кеткен, ол ұсталды. Бұған дейін тағы 21 адам ұсталды", - деді ішкі істер министрі.
Сонымен қатар, Сойлу Ыстамбұлдағы жарылысты ұйымдастырушылар мен кінәлілерге қатаң жауап берілетінін айтты.
"Қылмыскер Африн арқылы өткен. Қазір мұның бәрі анықталып жатыр. Түркияға зиянын тигізген бұл шабуылды ұйымдастырушыларға да, жасағандарға да қатаң жауап беріледі", - деді министр.
Жарылыс Ыстамбұлдың орталығында, Бейоглу ауданындағы Таксим алаңы маңындағы адам көп жүретін Истикляль көшесінде болған. Бұл туристер арасында танымал бағаттардың бірі. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыс алты адамның өмірін қиып, 81 адам жарақат алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!