Ыстамбұлдағы жарылыс: Түркияның ішкі істер министрі мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлдағы жарылыс: Түркияның ішкі істер министрі мәлімдеме жасады Фото: instagram.com/ekippolishaber0707

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылыстың артында Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Ыстамбұлдағы жарылыстың артында Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің басшысы TRT Haber телеарнасы эфирінде мәлімдеді.

"Біздің қорытындыға сәйкес, бұған КЖП террористік ұйымы жауапты. Бұған дейін 21 адам ұсталған. Бомба қойған адам қамауға алынды. Жақын арада, бізді осы азапқа салғандарға мұны бірнеше есе қылып қайтарамыз", - деді Сойлу.

БАҚ қызметін бақылайтын Түркияның Жоғары радио және теледидар кеңесі оқиғадан кейін көп ұзамай жарылыс пен оның салдарын көрсетуге уақытша шектеулер қойды.

Жарылыс Ыстамбұлдың орталығында, Бейоглу ауданындағы Таксим алаңы маңындағы адам көп жүретін Истикляль көшесінде болды. Бұл туристер арасында танымал бағаттардың бірі. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыс алты адамның өмірін қиып, 81 адам жарақат алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети