YouTube ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный жариялаған видеоны бұғаттады. Онда Навальный өзін улаған "ФҚҚ қызметкерімен" хабарласқаны туралы айтылады. Өзін улады деген адаммен әңгіме жазбасы 2020 жылы желтоқсанда жарияланып, 27,6 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
YouTube ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный жариялаған видеоны бұғаттады. Онда Навальный өзін улаған "ФҚҚ қызметкерімен" хабарласқаны туралы айтылады. Өзін улады деген адаммен әңгіме жазбасы 2020 жылы желтоқсанда жарияланып, 27,6 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеохостингте авторлық құқықтың бұзылғанына сілтеме жасалады.
"Бұл видеода ViacomCBS пайдаланушысына тиесілі материалдар бар. Ол авторлық құқықты сақтау мақсатында оларды сіздің елде көрсетуге тыйым салды", - делінген YouTube-тағы видео бетінде.
Навальный 20 тамызда Томскіден қайтар жолда ұшақта ауырып, кейін Омбы ауруханасына жатқызылған. Омбы дәрігерлері зерттеу нәтижесінде метаболикалық бұзылу диагнозын қойды.
Кейінірек Навальный ұшақпен Германияға жеткізілді. Осыдан кейін Германия үкіметі әскери дәрігерлерге сілтеме жасап, Навальный "Новичок" улы заттар тобымен уланғанын мәлімдеді. Кейін Германия Министрлер кабинеті неміс сарапшыларының тұжырымын Швеция мен Франция зертханасы растағанын, сонымен бірге Берлиннің өтініші бойынша OZHO-да зерттеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты Кремль Берлин Мәскеуді бұл тұжырымымен хабардар етпегенін айтты.
2020 жылы желтоқсанда Навальный ФҚҚ қызметкері Константин Кудрявцевке қоңырау шалғанын айтты, ол өзін "Новичок" улау операциясына қатысушылардың бірі ретінде таныстырған. Ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің көмекшісі ретінде хабарласып, Томскідегі улау операциясының неге аяқталмағанын түсіндіруді өтінеді. Кудрявцевтің айтуынша, саясаткердің өмірін ұшақтың шұғыл қонуы мен жедел жәрдем енгізген атропин құтқарып қалған.
Сондай-ақ, ол удың іш киімге қолданылғанын мойындады. Оның айтуынша, "Новичоктың" ең жоғары концентрациясы іш киімде болуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!