20 желтоқсан 2017 | 13:43

Youtube үшін видео түсіремін деп, жігітін өлтіріп алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Миннесота штатында тұратын Моналиса Перес жігіті Педро Руисті абайсызда өлтіріп алғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости Star Tribune порталына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Миннесота штатында тұратын Моналиса Перес жігіті Педро Руисті абайсызда өлтіріп алғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости Star Tribune порталына сілтеме жасап. 

Қыз бала алдағы алты айын абақтыда өткізеді және алдағы бес жылында құқық қорғау органдарының қарамағында болады. 

Оқиға осы жылдың маусым айында "ең қауіпті видео түсіру кезінде болған". Олар оны Youtube желісіне салмақшы болған. Видеоблогерлер адамның кеудесіне қойылған кітаптар ұшқан оқтан қаншалықты қорған бола алатынын тексеріп көргісі келген. Қыздың айтуынша, бұл идеяның авторы Педро Руис. 

Видео түсірушілер ірі калибрлі Desert Eagle тапаншасын пайдаланған. Перес жарты метр жерден оқ атқан кезде, кітаптарды тесіп өткен оқ Руистің кеудесіне тиген. Алған жарақатынан ер адам қайтыс болды. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети