Ыстамбұлда болған терактіге қатысы бар делінген 9 күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда болған терактіге қатысы бар делінген 9 күдікті ұсталды © REUTERS

Түркия полицейлері тексеріс барысында 28 маусымда Ыстамбұл әуежайында болған терактіге қатысы бар делінген тоғыз адамды ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия полицейлері тексеріс барысында 28 маусымда Ыстамбұл әуежайында болған терактіге қатысы бар делінген тоғыз адамды ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, Ыстамбұл мен Измирдегі және оның айналасындағы аумақтарда жүздеген полицейдің қатысуымен тексеріс жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды. Тінту жұмыстары кезінде қарулар мен электронды ақпарат тасымалдау құрылғылары табылған. Ұсталғандар "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының мүшелеріне көмек көрсетіп, тыйым салынған ұйымға жаңа мүшелерді тартуға логистикалық және материалдық көмек көрсеткен деген күдікке ілініп отыр.

Еске салайық, 28 маусымда кешкі уақытта Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының халықаралық терминалында үш бірдей жарылыс болған еді. Үш өлімші лаңкес әуежайдағы адамдарды автоматпен атып, кейін жарылғыш затты іске қосқан. Ал теракт орнында тергеушілер қосылмай қалған тағы екі гранатаның болғанын анықтады. Олардың бірі өлімші лаңкестің сөмкесінен табылды. Түркия билігі әуежайға шабуыл жасаған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) деп есептейді. Сонымен қатар, Ыстамбұл әуежайында болған жарылыстан 42 адам қаза тауып, 200-ден аса адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети