Ыстамбұлда болған жарылыстың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда болған жарылыстың видеосы жарияланды © REUTERS

Интернет желісінде 1 желтоқсан күні Ыстамбұлда болған жарылыстың видеосы жарияланды. Ыстамбұл метросының жанында болған жарылыс сәті көшелердегі камераларға жазылып қалған. Ол видеоны түріктердің Daily Sabah басылымы YouTube желісіндегі арнасы арқылы таратты.

Еске сала кетейік, Ыстамбұлдағы метро станциясының маңында жарылыс болды, алдын ала мәлімет бойынша, бұл - теракт. Осыған дейін "Байрампаша" станциясындағы жерасты өткелінде жарылыс болған. Жарылыс кезінде өткелде пойыз жүріп жатқан. Оның терезелері шағылған. NTV телеарнасының мәліметінше, пойыздардың қозғалысы тоқтады, жолаушылар эвакуацияланды. Телеарна осыған дейін болған оқиғадан бір адамның қаза тауып, тағы біреуінің жарақат алғанын хабарлапты. "Әзірше жарылыстың неден болғаны анықталмады. Бір адам жарақат алды", - деп хабарлаған телеарнаға Ыстамбұл губернаторы Васипа Шахина. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети