Ыстамбұлда екі лаңкес әйел полицейлерге граната лақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда екі лаңкес әйел полицейлерге граната лақтырды © REUTERS

Түркия полициясы Ыстамбұлдағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған екі лаңкес әйелді ұстау бойынша операцияны бастады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті NTV телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия полициясы Ыстамбұлдағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған екі лаңкес әйелді ұстау бойынша операцияны бастады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Екі әйел Ыстамбұлдағы Байрампаша ауданында полиция учаскесінің маңында кетіп бара жатқан автобусқа граната лақтырып, кейін оқ ашқаны айтылады. Әйелдер таксимен қашып кетпекші болған, кейін көліктен жүгіріп шығып, тұрғын үйлердің бірінде жасырынған. Оларды полиция қоршауға алды.

Атыс кезінде бір лаңкес әйел жарақат алған. БАҚ-тың мәліметінше, бір полицейдің қолына оқ тиген. Операция жүргізілген ауданда атыстар мен жарылыс естілген. Операцияға полиция тікұшақтары да тартылған. Лаңкестер кіріп кеткен үйдің пәтер иелері эвакуацияланды. Ауданды полицейлер қоршауға алды, көлік қозғалысы тоқтады, тәртіп сақшылары жарты сағаттың ішінде дыбыс зорайтқыштар арқылы әйелдерге берілуге шақырды. Арнайы қызмет сарбаздарының үйге басып кіргені хабарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети