Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды © instagram/yuriy_shatunov

"Известия" газеті мен Shot телеграм-арнасы "Ласковый май" солисі Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Известия" газеті мен Shot телеграм-арнасы "Ласковый май" солисі Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға 48 жастағы әнші қайтыс болмас бұрын жарты сағаттағы оқиғалар түсірілгені айтылған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда екі ер адам әрең жатқан Шатуновты жол талғамайтын көліктен түсіріп, ғимаратқа көтеріп кіргізіп бара жатқаны көрінеді. 

Кейін жедел жәрдем келіп, Юрий Шатуновты Домодедово ауруханасына жеткізген. Сағат 00:20-да ол жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәл сол сәтте жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Шатуновты аман алып қала алмаған.

Еске салайық, 23 маусымда Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети