Жалаңаш жүргізуші адамдарды қасақана қаққан - Мельбурн полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жалаңаш жүргізуші адамдарды қасақана қаққан - Мельбурн полициясы © ABC/Margaret Burin

Аустралиядағы Мельбурн қаласының орталығында жүргізуші көлікті адамдарға қарай қасақана бұрған, - деп хабарлайды РИА Новости. Дегенмен оқиға терроризммен байланысты емес деп мәлімдеді Виктория штаты полициясының басшысы Стюарт Бэйтсон. 

Осыған дейін қаза болғандар саны үш адамға жеткені және 20-ға жуығы түрлі деңгейдегі жарақат алғаны хабарланған болатын. Олардың ішінде балалар да бар. 

"Бұл оқиғаның мұның алдында суық қару қолданылған қылмыспен байланысты екенін растай аламын", - деп келтіреді полицей сөзін Франс Пресс агентігі. Қазіргі уақытта бір топ адамды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын және қоғамға еш қауіп жоқ екенін айта кетті ол. 

Australian газеті күдіктіні ұстау кезінде атыс болғанын жазды. Айта кетейік, күдікті қызыл түсті іш киім ғана киген. 

Айта кетейік, қазір Мельбурнде теннистен ашық чемпионат өтіп жатыр. Осыған байланысты қалада мыңдаған турист жүр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети