Жантүршігерлік видео: Пәкістанда адамдар отырған көлікті иірім тартып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жантүршігерлік видео: Пәкістанда адамдар отырған көлікті иірім тартып кетті видеодан үзінді

Пәкістанда жаңбырдан соң көлікті шұңқырға тартып кетті. Желіде Пәкістанда ауа райының қолайсыздығының салдарынан болған қайғылы оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды НТВ арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістанда жаңбырдан соң көлікті шұңқырға тартып кетті. Желіде Пәкістанда ауа райының қолайсыздығының салдарынан болған қайғылы оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды НТВ арнасы. 

Нөсер жауынның соңы су тасқыны болып, елді мекендерді қиратқан. Желіде жарияланған видеоның кадрларында жол талғамайтын көліктің лай сумен ағып келе жатып шұңқырға түсіп кеткені көрінеді. Көлік бірнеше секундтың ішінде жоқ болып кеткен. Оқиға Чаман қаласында болған. 

Әлеуметтік желіде көлікте отырған екі адамның құтылып шыққаны жазылған. Алайда бір адам сол көлікте қалып қойып, мерт болған. Ол іс-түссіз жоғалғандар қатарына енді. 

Пәкістанда алдағы күндері тағы жаңбыр жауады деп күтіледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети