Жапонияда аптап ыстық кісі өліміне әкеп соғуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда аптап ыстық кісі өліміне әкеп соғуда Сурет news.mail.ru сайтынан алынды

Жапонияда аптап ыстық кісі өліміне әкеп соғуда деп хабарлайды РИА Новости. Мұнда жеті адам көз жұмып, екі мыңға жуық адам ауруханаға түскен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда аптап ыстық кісі өліміне әкеп соғуда деп хабарлайды РИА Новости. Мұнда жеті адам көз жұмып, екі мыңға жуық адам ауруханаға түскен.

Көбіне зардап шегушілер Саитама (116  адам), Аити (114 адам), Тиба (107 адам) және Осака (103 адам) өңірлерінен боп табылады. Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі мәліметінше, сенбі күні термометр тілі 35 градустан асып көтерілген. Хигасиоми қаласында 38,8 градус, Обама қаласында 38,7 градус, Киотода 38,3, ал Тояма мен Ёнагода 38 градус ыстық болған.

Метеоролгтар таяу күндері ыстықтың басылмайтындығын ескертеді. Мамандар адамдарға салқындатқыш құрылғыны пайдаланып, көшеде ұзақ жүрмеуге,  үнемі су ішуге кеңес береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети