Жапонияда жанартаудың салдарынан 60-тан астам адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда жанартаудың салдарынан 60-тан астам адам қайтыс болды Фото © РИА Новости

Жапонияда жанартаудың атқылауынан 63 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Онтакэ тауында 27 қыркүйектен бері жанартау атқылап жатыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда жанартаудың атқылауынан 63 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Онтакэ тауында 27 қыркүйектен бері жанартау атқылап жатыр. 

28 қыркүйек күні құтқарушылар 31 адамды тауып алды, оларға "жүрек пен өкпе жұмысы тоқтап қалған" деген диагноз қойылған. Сондай-ақ 29 қыркүйек күні Жапониядағы жанартаудың атқылауынан зардап шеккен алты адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы да хабарланды.  

Бұдан бұрын жанартаудың атқылауынан 30 альпинистің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ер адамдардың мәйіті таудың шыңға жақын тұсынан табылған. Тауда жанартау атқылай бастағаннан бері құтқару жұмыстары жүргізіліп келеді. Тауда болған 250 адамның көбі қауіпсіз жерге көшірілді. "Жанартау тастары бұршақ тәрізді құлады. Демалу қиын болды. Біз бетімізді сүлгімен жауып алдық. Көзімізді ашу мүмкін болмады", - дейді құтқарылған адамдардың бірі.

27 қыркүйек, сенбі күні Жапонияның Нагано мен Гифу префектураларының шекарасында жанартау атқылай бастаған болатын. Осы сағаттар ішінде сейсмологтар жанартау белсенділігінің үш ошағын тапқан. Жанартаудың атқылауы 250 турист үшін күтпеген жағдай болды. Олардың көбі шағын түнейтін үйлеріне тығылып үлгерген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети