Жапонияда жын иектеген адам саябақтағыларға пышақпен шабуылдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияда жын иектеген адам саябақтағыларға пышақпен шабуылдаған © ren.tv

Жапонияның Тиба префектурасындағы Мацудо қаласында пышақпен және битамен қаруланған ер адам саябақта демалушыларға шабуылдаған, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Киодо агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияның Тиба префектурасындағы Мацудо қаласында пышақпен және битамен қаруланған ер адам саябақта демалушыларға шабуылдаған, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Киодо агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан алты адам жарақат алған, олардың екеуі ауыр жағдайда. Агенттіктің мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендер ішінде шабуыл жасаған ер адамның өзі де бар. Оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр. 

Жапонияда мұндай оқиғаларды "өтіп бара жатқан жынның ісі" деп атайды. Бұл өз бетімен кетіп бара жатқан адамның аяқасты айналасындағыларды өлтіре бастайтын жағдайларға байланысты айтылған. 

2008 жылы Токиода адам көптеп жиналатын Акихабара ауданында ер адам бір топ адамды жүк көлігімен қаққан. Сосын жолды көлікпен бөгеп тастап, көз алдына түскендерді пышақтай бастаған. Ол кезде жеті адам мерт болып, он шақты адам жараланған. Ұсталғаннан кейін 26 жастағы қылмыскер Сидзуока префектурасынан Токиоға адам өлтіру үшін арнайы келгенін айтқан. Ер адам өзінің ісін өмірден жалыққандығымен түсіндірген. 

Ал 2010 жылы полиция автобусқа кіріп келіп, 13 адамды жарақаттаған ер адамды ұстаған болатын. Жараланғандардың ішінде 11 оқушы болған. Ұсталғаннан кейін қылмыскер осындай амалмен өз өмірін тоқтатқысы келгенін айтқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети