Жапониядағы шабуылдан бірінші сыныпта оқитын 13 бала зардап шеккен

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапониядағы шабуылдан бірінші сыныпта оқитын 13 бала зардап шеккен © REUTERS

Жапонияның Кавасаки қаласында болаған шабуылдан негізінен жекеменшік мектептің 1-сынып оқушылары зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапонияның Кавасаки қаласында болаған шабуылдан негізінен жекеменшік мектептің 1-сынып оқушылары зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Еске салсақ, 28 мамырда таңертең белгісіз ер адам Caritas жекеменшік мектебінің аялдамасында тұрған адамдарға пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан 16 адам зардап шекті, оның 13-і 6-7 жастағы қыздар. Бір қыз және 30 жастағы ер адамның халі мүшкіл. Тағы екі ересек жарақат алған. Мұның алдында 19 адам зардап шеккені хабарланған. 

Жарақат алған қыздардың бесеуінің жағдайы ауыр. 

Полицейлер қылмыскерді ұстады. Ол өзін пышақпен жарақаттап, қазір ессіз жатыр. Оқиға болған жерден екі пышақ табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети