Жақсыбеков Бәкиевтің Қырғызстаннан Таразға қалай жеткізілгенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсыбеков Бәкиевтің Қырғызстаннан Таразға қалай жеткізілгенін айтып берді Видеодан алынған кадр

Ан-26 десантшылары Құрманбек Бәкиевті Жалал-Абадтан Таразға жеткізген. Бұл туралы ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Хабар" телеарнасындағы "Бітімгершілік миссиясы. Қырғыз дағдарысы" деректі фильмінде айтады. Ол кезде Жақсыбеков қорғаныс министрі қызметінде болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ан-26 десантшылары Құрманбек Бәкиевті Жалал-Абадтан Таразға жеткізген. Бұл туралы ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Хабар" телеарнасындағы "Бітімгершілік миссиясы. Қырғыз дағдарысы" деректі фильмінде айтады. Ол кезде Жақсыбеков қорғаныс министрі қызметінде болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтоннан Әділбек Жақсыбековке 04 арнайы бортын дайындап қою туралы бұйрық берген. Ведомство басшысы түнгі уақытта кеңес өткізіп, ал таңертең Президенттің өзі Астана әуежайында жиын өткізген. Жиын барысында оған операцияның мән-жайы баяндалды.

"Ондағы жағдай жайлы ештеңе білмедік, қарулы күштері жайлы да мәлімет болған жоқ. Оларға кім басшылық етеді, қанша адам бар - біз білмедік. Ешқандай мәлімет болмады. Бәкиев бізге өзінің Жалал-Абадта екенін айтты және ол онда өзін қолдайтын адамдардың бар екені, сондай-ақ, өзінің біздің әскери ұшақты Жалал-Абадта күтіп алуға дайын екенін айтты", - деп еске алды Жақсыбеков.

Жалал-Абадта қазақстандық бортты әскерилер күтіп алды. Бәкиев онда отбасымен және жол сөмкесімен келді. Таразға дейін штаттық режимде көшіп барды. Ал Таразда Бәкиевті сол кезде өңір әкімі болған Қанат Бозымбаев күтіп алды.

"Ұшақпен ұшып келді, есіктері ашылды, бірақ ұшақтан ешкім шыққан жоқ. Содан ұшаққа қарай жақындап, бортқа көтерілдім. Ондағыларға аты-жөнімді айттым. Маған тапсырма берілгенін және менің Қырғызстан президентін күтіп алуым керектігін айттым", - деп еске алды Бозымбаев.

Сондай-ақ, Бозымбаев Бәкиев Қазақстанға келе салысымен отставкаға кету туралы өтінішке қол қоюы керек болатынын білгенін айтады.

"Кейінірек шамамен бір екі сағаттан кейін мен Бәкиевтен былай деп сұрадым: "Байке, Құрманбек Сәлиұлы, Сіз қағаздарға қол қоюыңыз керек еді және мен ол қағаздарды алып, жіберуім керек" дедім. Ол бастапқыда қандай қағаздар туралы айтылып жатқанын түсінбегендей сыңай танытты. Сосын мен оған түсіндірдім. Сол кезде ол оған қағаз бен қалам алып келуін сұрап, барлығымыздың шығып кетуіміз керек екенін айтты", - деді Қанат Бозымбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети