Зеленский 14 сағат бойы баспасөз мәслихатын өткізіп, рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский 14 сағат бойы баспасөз мәслихатын өткізіп, рекорд орнатты Украина президентінің кеңсесі

Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Оның журналистермен әңгімесінің трансляциясын Президент кеңсесі Facebook желісінде таратты, - деп хабарлайды Lenta.ru

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Оның журналистермен әңгімесінің трансляциясын Президент кеңсесі Facebook желісінде таратты, - деп хабарлайды Lenta.ru

Мемлекет басшысы көлемді баспасөз мәслихатын сағат таңғы 10-ға қойған, шара түнге қарай аяқталды. Осылайша, Зеленский журналистердің сұрақтарына 14 сағат бойы жауап берді. Сұрақтар да әртүрлі болды - Донбасстағы жағдайдан тағам таңдауына дейін.

Баспасөз мәслихаты Kyiv Food Market фудкортында өтті. Зеленский жеті-он адамнан құралған журналистер тобына жауап берді. Әр топқа президентпен сөйлесуге жарты сағаттан берілді.

Шараны Украина ұлттық рекордтар тізілімі атап өтті. Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге сертификат табыстады, мұнда "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети