01 ақпан 2022 | 15:15

Зеленский әскер санын 100 мың адамға арттыруды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский әскерді 100 мың адамға арттыру туралы жарлыққа қол қойды, сондай-ақ ел экономикасы тұрақталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский әскерді 100 мың адамға арттыру туралы жарлыққа қол қойды, сондай-ақ ел экономикасы тұрақталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Радаға сессияның ашылу салтанатына келген кезде жарлыққа қол қойған.

"Жарлық барлық әскериді қаржылық қамтамасыз етуді ең төменгі жалақының үш мөлшерінен төмен емес деңгейге дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, алдағы үш жылда Украина қарулы күштерінің санын 100 мың адамға арттыру, Украина қарулы күштерінің қосымша 20 бригадасын құру", - деді Зеленский сейсенбіде Жоғарғы Раданың жетінші сессиясында.

Сонымен қатар, мердігерлердің қызмет ету мерзімін ұзарту көзделген. Оның айтуынша, бұл жақында соғыс болатынынан емес, "бейбітшілік болсын деп" елдің кәсіби әскерге көшуінің басталуы.

Сондай-ақ, Зеленский ел экономикасы тұрақтанғанын, қаржы жүйесі бақылауға алынғанын айтты.

"Қаржы жүйесінде бәрі бақылауда. Қаңтарда бюджетке түсетін түсімдер 7 миллиардқа артығымен орындалды. Гривен кеше 30 тиынға нығайды, біртіндеп жоспарланған және тұрақты бағытқа оралады. Бір аптаға жуық халықаралық қаржы нарықтарында облигациялар бойынша оң динамика бар. Қаржы әлемі Украинаның болашағын оптимизммен бағалайды", - деді Зеленский Парламент сессиясының ашылуында.

Ол Украинада газ бен көмірдің жеткілікті қоры бар екенін айтты. Президенттің айтуынша, алтын валюта резервтері рекорд деңгейде, "бұл әртүрлі ауытқулардан" қорғайды және экономикалық иммунитетті нығайтады".

Жақында Киев пен батыс мемлекеттері Ресейдің Украина шекарасындағы белсенділігіне алаңдаушылық білдірді. Мәскеу барлық айыптауды жоққа шығарып, ешкімге қауіп төндірмейтінін және ешкімге шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети