Зеленский Байден мен Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Байден мен Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты Фото: © REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский 5 наурызда АҚШ президенті Джо Байденмен, SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маскпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеленский әңгіме барысында Ақ үй басшысымен қауіпсіздік, Украинаны қаржылық қолдау және Ресейге қарсы санкцияларды жалғастыру мәселелерін талқылағанын айтты.

Украина президенті Илон Маскпен не туралы сөйлескенін айтты.

"Илон Маскпен сөйлестім. Мен оған Украинаны сөзбен де, іспен де қолдағаны үшін ризамын. Келесі аптада біз қираған қалаларға арналған Starlink жүйелерінің тағы бір партиясын аламыз", - деді Зеленский. Оның сөзінше, олар ғарыштық жобаларды да талқылаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети