Зеленский Байденді Украинаға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Байденді Украинаға шақырды Фото: facebook.com/zelenskiy95

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу мүмкіндігін талқылағанын және оны Украинаға ресми сапармен келуге шақырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу мүмкіндігін талқылағанын және оны Украинаға ресми сапармен келуге шақырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен АҚШ президентін биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Украинаға ресми сапармен келуге шақырдым. Бұл кездесудің қандай форматта болуы мүмкін екенін білмеймін (АҚШ президентімен - авт.ескерт.), ол екі елге байланысты. Қазіргі уақытта АҚШ президенті біздің елден шақырту алды. Мен кездесу болатынына сенімдімін, ол екі ел үшін де маңызды", - деді Зеленский бейсенбіде Блинкенмен кездесу қорытындылары туралы брифинг барысында.

Блинкен Байденді Украинаға шақыру ұсынысына жауап ретінде АҚШ президенті мүмкіндік болған кезде келе алатынын айтты.

"Шақырғаныңыз үшін ризамын, қайтқанда (АҚШ-қа) Байденге шақыртуыңызды жеткіземін. Біз Украинаға келіп, осында болуға уақыт табамыз", - деді ол.

Зеленский АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен Қара және Азов теңіздеріндегі қауіпсіздік мәселесін талқылағанын айтты.

Сонымен қатар, Блинкен Украина Ресей тарапынан "арандатушылыққа бой алдырмайтынын" айтты.

"Украинаның өзін ұстау саясаты жоғары бағаға лайық екенін айтқым келеді. Украина Ресейдің арандатуына көнбейді", - деді Блинкен Украина президентімен кездесуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети