Зеленский: "Біз лайық тойтарыс беріп жатырмыз. Жаудың халықтық соғыста мүмкіндігі жоқ"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский: "Біз лайық тойтарыс беріп жатырмыз. Жаудың халықтық соғыста мүмкіндігі жоқ" © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский 26 ақпанда кешкі уақытта халыққа кезекті үндеуін жасады, - деп хабарлайды УНИАН

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский 26 ақпанда кешкі уақытта халыққа кезекті үндеуін жасады, - деп хабарлайды УНИАН

Зеленский елді азат ету үшін қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт күресетінін айтты. 

"Украинаның өз мемлекетін қорғауға дайын болуы, біздің бір-бірімізбен ынтымақтасуымыз және батылдығымыз біздің елді жаулап алу сценарийін бұзды. Біз лайық тойтарыс беріп жатырмыз. Біз елді азат ету үшін қанша қажет болса, сонша күресеміз. Егер балалар панада туса, тіпті атыс жалғасып жатса да, жаудың бұл, сөзсіз, халықтық соғыста мүмкіндігі жоқ", - деді ол.

Украина басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Алиев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен әңгіме барысында Украинадағы жағдай туралы Ресеймен келіссөздер ұйымдастыруды ұсынғанын атап өтті.

Зеленскийдің сөзінше, Ердоған мен Алиев Украинаға қолдау білдірген. 

"Ердоғанға біздің тәуелсіздігімізді қолдағаны үшін алғыс білдірдім. Біз Ердоғанмен ресейлік әскери кемелердің Қара теңізге өтуіне тыйым салу өте маңызды екенін айтып келістік. Солай жасады", - дейді Зеленский. 

Сонымен қатар, Зеленский Еуропаның барлық елі Ресейді SWIFT төлем жүйесінен ажырату туралы келісімге келгенін атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети