Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына кезекті үндеуін жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына кезекті үндеуін жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үздік. Біз қару-жарақ таратып жатырмыз және жерімізді қорғау үшін барлығын жасаймыз", - деді Зеленский брифингте.
Айта кетейік, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.
Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.
Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.
Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!