Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты

Украина, батыс елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Франция президенті Эммануэль Макрон және Түркия "бәрі бірге" Кремльге Украина мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуін бірқатар елде, соның ішінде Қазақстанда өткізуді ұсынды. Бұл туралы Украина көшбасшы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Еуропаның бейтарап елдерінде – Австрия мен Швейцарияда кездесу өткізуді ұсындық. Біз: "Егер тіпті қаласа, Қазақстан сияқты жерде өткізуге де дайынбыз" - дедік. Сол ғана", – деді Зеленский.

Жүргізушінің нақтылау сұрағына Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады.

Бір апта бұрын Зеленский алдын ала шартсыз үшжақты немесе екіжақты форматта Трамп және Путинмен кездесуге дайын екенін тағы да мәлімдеген еді, бірақ бірден шарт қойды – Мәскеуде емес.

Бұған дейін Путин, егер Зеленский кездесуге дайын болса, онда Мәскеуге келсін деген. Алайда Зеленский бұл ұсыныстан бас тартып, Путинді келіссөзге Киевке шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети