Зеленский Қытайдың Украинаға қатысты ұстанымына пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский Қытайдың Украинаға қатысты ұстанымына пікір білдірді © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский NHK жапондық басылымына берген сұхбатында Қытайдың Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстағы ұстанымы туралы айтты, - деп хабарлайды "Украинская правда" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский NHK жапондық басылымына берген сұхбатында Қытайдың Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстағы ұстанымы туралы айтты, - деп хабарлайды "Украинская правда" басылымы.

Зеленский Пекиннің Ресейдің Киевке қарсы соғысына Батыстың өркениетті елдері сияқты жауап бермегенін еске салды.

Сондай-ақ, Украина көшбасшысы басқа елдер осындай агрессияға бармауы үшін Ресейді жауапқа тарту өте маңызды екенін тағы да атап өтті.

"Қытай үшін бұл жағдай қалыпты", - деді Зеленский.

Ол Пекинді Ресеймен "бірігуден" сақтандырды және Жапония екі державаның осындай "ынтымақтастығының" қаупін жақсы түсінетінін атап өтті.

"Біз үшін Жапонияның Украинаны толық қолдауы маңызды. Жапония, АҚШ, Аустралия және Үндістан секілді елдердің қолдауы басқа елдерге сигнал жіберу", - деді Зеленский.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети