Зеленский мен Украина халқын Нобель сыйлығына ұсыну қарастырылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский мен Украина халқын Нобель сыйлығына ұсыну қарастырылады Фото: ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский мен Украина халқын Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еуропалық саясаткерлердің Нобель комитетіне жолдаған үндеуіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский мен Украина халқын Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еуропалық саясаткерлердің Нобель комитетіне жолдаған үндеуіне сілтеме жасап.

Украина басшысын бұл сыйлыққа еуропалық саясаткерлер тобы, оның ішінде еуропалық мемлекеттердің бұрынғы және қазіргі министрлері, сондай-ақ депутаттар ұсынғаны атап өтілген.

Олар хатта комитеттен бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына үміткерлерді ұсыну мерзімін 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұзартуды сұрайды. Өйткені өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған және оны ұзарту туралы шешім қабылданбай, жаңа үміткерлер қарастырылмайды.

"Бұрын-соңды болмаған тарихи оқиғаларды ескере отырып, біз бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы комитетін 2022 жылғы Нобель сыйлығына ұсыну процесін қайта ашуға және қайта қарауға шақырамыз. Біз бұл - процедураны бұзу екенін түсінеміз, бірақ қазіргі жағдайда ол ақталады деп санаймыз", - делінген үндеуде.

Ұсыну хатын жіберушілер Украина халқы демократия мен өзін-өзі басқаруды сақтау үшін күресіп жатқанын атап өтті.

"Біз Ресей ашқан соғысты бастан өткерген Украина халқының батылдығына куә болып отырмыз. Украина президенті Владимир Зеленскийден бастап ержүрек ерлер мен әйелдер демократия мен тәуелсіздікті сақтау үшін күресіп жатыр", - делінген тараптар қол қойған хатта.

Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы - Нобель комитетінің Ослодағы жыл сайынғы марапаты. Комитет пікірінше, сыйлық бейбітшілік ісіне ерекше үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети