18 қазан 2021 09:10

Зеленский офшорлар туралы тексеріске қатысты алғаш рет пікір білдірді

© Reuters © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский ICTV телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында "Офшор 95" тергеу фильміне қатысты пікір білдірді. Фильмде 2012 жылдан бері Зеленский мен оның командасы "Квартал 95" офшор фирмалары олигарх Игорь Коломойскиймен байланысты компаниядан 40 миллион доллар алатыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шыны керек, онша емес сюжет. Мен сол саланың маманы ретінде айтып отырмын. Неге? Біріншіден, жаңа ештеңе жоқ, мен үшін дежавю секілді болды. 2019 жылы сол киноны Порошенко арналарынан көргенмін, себебі олар маған қарсы ештеңе де жоғын түсінді", - деді Украина басшысы. 

Зеленский мұндай тергеулер баяғыдан қалған әңгіме екенін айтады. 

"Мен оның бәрін естіп, бүге-шүгесіне дейін көргенмін. Жаңа нәрсе көрмегенім өкінішті. Бұл 2019 жылдан бері маған Украина президенті ретінде Порошенко ештеңе таппаған деген сөз", - деді Зеленский.  

Президент офшор фирмаларына байланысты сұраққа ашық жұмыс істейтінін айтып жауап берді. 

"Менің немен айналысқанымды халық біледі. Ол телеарна, кино, сериалдар. Януковичтің кезінде бәрі кәсіп ашты, әсіресе телеарна мен БАҚ-пен байланысты бизнес. Барлық арнаның шетелде компаниясы болатын. Бәрінде. Неге? Ол саясат әсер ете алмауы үшін жасалды. "Квартал 95" те солардың қатарында. Бәрі қысым көрсетіп, ықпал еткісі келетін", - деді президент. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети