Зеленский Путинге қояр басты талабын жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters және CNN басылымдарына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерге дайын екенін айтты. Толық видеосұхбат Украина президентінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский Reuters және CNN басылымдарына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерге дайын екенін айтты. Толық видеосұхбат Украина президентінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Әлем Ресей Федерациясы Президентін келіссөз үстеліне отырғызу керек екенін түсінеді, ал мен олармен келіссөз үстеліне отыруға әлі дайынмын", - деді Зеленский.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы келіссөздерді бастау үшін Ресей тарапына қояр алдын ала шартын атады. "Біз, ең болмағанда, адамдарды бомбалауды тоқтатуымыз керек, тек бомбалауды тоқтатып, содан кейін келіссөз үстеліне отыруымыз керек", - деді ол.

Зеленский украиналықтар "өмірінің соңына дейін" күресетінін айтты. "Себебі біз өз үйіміздеміз. Біз балаларды үйде қорғаймыз. Біз мұны шын жүректен жасаймыз. Біз өзіміздің балаларымыздың болашағы үшін бәрін қорғауға тиіспіз деп есептеймін", - деді президент.

Зеленский сонымен бірге НАТО елдерін Украинаның әскери одаққа мүшелікке мүмкіндігі бар-жоғына нақты жауап беруге шақырды. Егер одақ мұндай перспективаға дайын болмаса, онда президент НАТО елдері Украинаның қауіпсіздігіне, оның аумағы мен шекараларының мызғымастығына заңды кепілдік беруі керек деп атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro