Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желілердегі парақшасында украиналық саясаткер әрі олигарх, "Оппозициялық платформа - Өмір үшін" партиясының жетекшісі Виктор Медведчук ұсталғанын мәлімдеді. Оны "Путиннің өкіл әкесі" деп те атайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желілердегі парақшасында украиналық саясаткер әрі олигарх, "Оппозициялық платформа - Өмір үшін" партиясының жетекшісі Виктор Медведчук ұсталғанын мәлімдеді. Оны "Путиннің өкіл әкесі" деп те атайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сейсенбі кешінде Украина басшысы халық депутатының әскери формада, қолы кісенделген суретін жариялады.
"Украинаның қауіпсіздік қызметі арқасында арнайы операция жасалды. Жарайсыңдар! Толығырақ жақында белгілі болады. Украина алға!"- деп жазды Зеленский.
Қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі ұсталған ер адамның тағы бір суретін жариялап, Медведчук Зеленскийдің тапсырмасымен ұсталғанын хабарлады.
"Бірде-бір сатқын жазасыз қалмайды және ол үшін Украина Заңына сәйкес жауап береді", - дейді Иван Баканова.
Кейінірек Зеленский видеоүндеу жасап, Медведчукті орыс тұтқынына түскен украиналықтарға ауыстыруды ұсынды.
"Медведчук мырза космонавтика күні ұсталғаны өте қызық болды. Ол 48 күн бойы жасырынып жүріп, ақыры біздің мемлекеттен қашуды ұйғарды. Әскери камуфляж киіп өзін жасырып қалғысы келген (...)", - дейді Зеленский.
Кремль Зеленскийдің бұл мәлімдемесіне былай жауап берді:
"Медведчук туралы ақпаратты көрдім. Мен мұның қаншалықты шындық екенін айта алмаймын, бір нәрсе айту дұрыс болмас еді", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Оның сөзінше, жалған ақпарат өте көп, сондықтан бәрін тексеру керек.
Виктор Медведчук Путиннің Украинадағы ең жақын және ықпалды одақтасы болып саналады. 2021 жылдың мамырынан бастап ол мемлекеттік ауыстыру және Ұлттық ресурстарды тонауға әрекет жасады деген күдікпен үй қамақта болған. 27 ақпанда саясаткер қашып кеткені белгілі болды. Оны іздестірумен Украина қауіпсіздік қызметі арнайы тобы айналысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!