Зеленский украин халқына үндеу жасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға баспаналарын тастамауды сұрап, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтарға баспаналарын тастамауды сұрап, үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кең ауқымды соғыстың 229-шы күні. 229-шы күні бізді құртып, жер бетінен өшірмекші. Запорожьеде үйде ұйықтап жатқан адамдарды жойды. Днепр мен Киевте жұмысқа бара жатқан адамдарды өлтіреді.

Бүкіл Украинада әуе дабылы басылмай тұр. Зымырандардың соққысы әлі де өршіп тұр. Өкінішке орай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Өтініп сұраймын, баспаналарыңызды қалдырмаңыздар. Өздеріңізді, туыстарыңызды қорғаңыздар", - деп жазды Зеленский Telegram-да.

Зеленский Киевке жасалған шабуылдардан кейінгі кадрларды да жариялады.

Киев мэрі Виталий Кличко зымырандардың қала орталығындағы (Шевченков ауданы) және Соломенск ауданындағы нысандарға түскенін айтты.

"Әуе шабуылы, яғни қауіп жалғасып жатыр. Киев тұрғындарына баспанада болыңдар деп үндеу жасағым келеді. Қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарынан қалаға шықпауларын сұраймын. Киевтің орталық көшелерін жауып тастады. Тәртіп сақшылары, құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Кличко.

Украина Ішкі істер министрлігі басшысының кеңесшісі Ростислав Смирновтың айтуынша, зымыран соққысы салдарынан қаланың Шевченков ауданында сегіз адам қаза тауып, тағы 24 бейбіт тұрғын жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro