Зеленский: Украина аумағында әскери жағдай жариялаймыз

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зеленский: Украина аумағында әскери жағдай жариялаймыз Фото ©REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Украина басшысы Донбасста Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі видео үндеуінде мәлімдеді.

"Бүкіл ел аумағында әскери жағдай жариялаймыз. Бір минут бұрын мен президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жинай бастады. Біз тыныштық сақтаумыз қажет. Мүмкіндігінше, үйде болыңыздар. Украинаның барлық қауіпсіздік және қорғаныс секторы жұмыс істейді. Дүрбелең туғызбайық. Бәріне дайынбыз және бәрін жеңеміз. Өйткені біз - Украинамыз", - деді Зеленский видео үндеуінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Володимир Зеленський (@zelenskiy_official)

Сондай-ақ, саясаткер Ресейді елдің әскери инфрақұрылымына соққы берді деп айыптап, Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыру туралы шешім қабылдаған.

Бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети